Мемлекет басшысы: Табыстар мен шығыстардың жалпыға ортақ декларациясы - байлар мен кедейлерді болдырмауға апаратын жол
АСТАНА. ҚазАқпарат - Табыстар мен шығыстардың жалпыға ортақ декларациясы шіріген байлар мен сіңірі шыққан кедейлерді болдырмауға апаратын жол. Бұл туралы бүгін Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Реформалау салық жүйесіне де әсер ететін болады. Табыстар мен шығыстардың жалпыға ортақ декларациясын енгізгенге дейін біз мүліктерді заңдастыруға мүмкіндік береміз. Мен бірнеше мәрте айттым, тағы да айтқым келеді. Адамдар дұрыс түсінбеді немесе біз бұл заңды дұрыс әзірлей алмадық немесе мұны ойыншық көруде. Біз табыстар мен шығыстардың жалпыға ортақ декаларациясына өту кезеңінде тұрмыз», - деді Елбасы.
Осы ретте Мемлекет басшысы аталған бастама шіріген байлар мен сіңірі шыққан кедейлерді болдырмауға апаратын жол екендігін баса айтты.
«Осылайша біз теңестіреміз және барлығына да неге сатып алғанын, неге сатқандығын және ақшаны қайдан алғандығын түсіндіруіне тура келеді. Соның алдында біз бәрін тазартқымыз келеді. Заңдастыруды жария еттік», - деді ҚР Президенті.
Елбасы қаржысының басым бөлігін шетелдегі банктерде сақтаған азаматтарға да ақшасын елге әкелулері қажеттігін қадай айтты.
«Қыр астындағы қаржыларың құрдымға кетеді. Одан да Отанға әкеліңдер, осы жерде пайдаланыңдар, біз кешіреміз. Құқық қорғау органдары тарабынан еш қудалау болмайды», - деді Н.Назарбаев.