Мемлекет басшысы тәуелсіздік жылдары ел дамуының 4 негізгі бағытын тамаша жүргізе білді – Е. Ертісбаев
АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдары ел дамуының 4 негізгі бағытын айқындап, оны өзінің басшылығымен тамаша жүргізе білді.
Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жарияланғаннан кейін ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген ҚР Президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев осылай мәлім етті.
«Жолдауда Президент Қазақстанның стратегиялық даму векторының жақын аралықтағы 10 жылы бойынша бағыттарды айқындап берді әрі тәуелсіздіктің 20 жылдығының алдын ала қорытындыларын жасады. Елбасы ел дамуына серпін берген негізгі іргелі 4 бағытқа ерекше тоқталды. Бірінші - бұл еркіндік. Расында да, тәуелсіздіктің алғашқы жылынан бастап елдің саяси экономикалық ерекіндігі нақты жүзеге асты. Әрине, экономикалық еркіндік саяси жаңғыртудан үстем болды. Елбасы «алдымен экономика» саясатын ешуақытта жасырған емес. Бұл өз жемісін берді, әлі де береді. Елбасы тоқталған екінші мәселе - бірлік. Қазақстан басқа елдерге қарағанда бірлікті сақтады. Бұл халықтар бірлігімен қоса елдегі саяси күштердің бірлігін де көрсетеді. Соның арқасында елімізде ТМД шеңберінде ең табысты нарықтық реформалар жүзеге асты. Үшінші мәселе - елдің гүлденуі. Егер әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық параметрлерін алып қарасақ, жаңару үдерісіне әркім таңданатын еді. Төртіншіден - тұрақтылық. Бұл тұрақтылықсық Қазақстан ешқандай өзгеріс жасап, жаңғыра алмас еді. Сондықтан да, бұған әркім қуануы, мақтануы керек», - деді Е. Ертісбаев.