19:12, 30 Желтоқсан 2019 | GMT +5
Мемлекет басшысы теміржол көлігіне қатысты заңға қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Еске сала кетсек. бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған еді.