22:55, 23 Қаңтар 2020 | GMT +5
Мемлекет басшысы Тұрсынбек Қабатовтың бастамасын қолдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бастамасына қолдау білдірді.
Бұл туралы ҚР Президенті Twitter-тегі парақшасында жазды.
«Белгілі артист Тұрсынбек Қабатовтың астанамыздың аулаларын қардан тазартып, #БізБіргеміз хештегімен видео жариялау туралы ұсынысын қолдаймын. Волонтер жылына сай бастама», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осыған дейін елорда жастарының әлеуметтік желіде қар тазалау бойынша челленджді бастағандығын жазғанбыз.