Мемлекет басшысы: Үкімет жаңа редакцияда «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасын әзірлеуі қажет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 5-ші шақырылған ҚР Парламентінің 4-ші сессиясының ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдың соңына дейін Үкіметке «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасын әзірлеуді жүктеді.
None
None

«Жемқорлықтың барынша жоғары тәуекелдері мемлекеттік сатып алулар саласында сақталып отыр. Кәсіпкерлер проблемаларын шешу мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін 2014 жылдың аяғына дейін Үкімет жаңа редакцияда «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасы әзірлеп, Парламентке енгізуі тиіс»,-деді Елбасы.

Сонымен қатар, Президент қазіргі кезде халықтың табысы мен шығысының жалпыға бірдей декларациялауына көшу бойынша заңнамалық өзгерістерге дайындық жүріп жатқандығына тоқтала келе, декларациялауды толық енгізуді 2017 жылдан бастап қамтамасыз ету керектігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар