Мемлекет басшысы Үкіметке әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту мақсатында 8,6 млрд. теңге бөлуді тапсырды

АСТАНА. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен Мемлекет басшысы Үкіметке әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту мақсатында 8,6 млрд. теңге бөлуді тапсырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Халықты жұмыспен қамтамасыз етудің қолданыстағы заңнамасы бізге бюджет қаражатын әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейтуге және жастар практикасын ұйымдастыруға бағыттауға мүмкіндік береді. 2008 жылы 13 мыңға жуық адам өздерінің мүмкіндіктерін осы бағдарлама арқылы жүзеге асырды. Біздің бүгінгі міндетіміз қолданыстағы бағдарлама аясын кеңейту. Бұл мақсатқа 8,6 млрд. теңге бөлуді тапсырамын. Сонда біз шамалап алғанда 96 мыңға жуық азаматты жұмыспен қамтамасыз ететін боламыз», деді Елбасы. Президенттің айтуынша, осымен бір мезгілде жұмыссыздық үшін төленетін жәрдемақы кезеңін де ұлғайту қажет. Бұл қазіргі кезде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 4 ай сайын төленетін жәрдемақы мерзімін алты айға ұзарту деген сөз. «Әлемдік дағдарыс жағдайындағы жұмыспен қамту стратегиясы қайта оқыту және қайта даярлау ісін кең ауқымда ұйымдастыруға назар аудартады. Осыған орай, Үкімет пен әкімдерге қолданыстағы оқу базаларында мамандарды қайта даярлауды ұйымдастыруды тапсырамын. Біздің халыққа оқу қажет. Әлем елдерінде азаматтар өмір бойы оқумен өтеді. Ал бүгінгі жағдайда қайта оқып, басқа да сұранысқа ие мамандық алу мүмкіндігі өзекті бола түспек», деді Н. Назарбаев.
Соңғы жаңалықтар