Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді. Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды.

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

«Жұма күні, яғни 2020 жылдың 24 қаңтарында Үкімет үйінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді.

Кеңейтілген отырыста Үкімет еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының есебін береді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Үкіметке ел дамуының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланады», - деді ол.