Мемлекет басшысы «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңның жаңа редакциясын әзірлеуді тапсырды
АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңның жаңа редакциясын әзірлеуді тапсырды.
ҚР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы бұл тапсырманы бүгін Ақордада өткен ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысында берді.
«Н.Ә.Назарбаев Үкіметке және мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңның жаңа редакциясын және осы саладағы стратегиялық құжаттарды әзірлеуді, ішкі істер органдары туралы жаңа заң әзірлеуді, жер қойнауын пайдаланушылар қабылдаған қаржылық міндеттемелердің орындалуына бақылау жасауды, атомдық саланы дамыту бағдарламасын әзірлеуді, теңіз мұнай операциялары және өзге жағдайлар кезінде техногендік төтенше жағдайлардан сақтап қалу жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды», - делінген бапсасөз қызметінің хабарламасында.