Мемлекет басшысы жастарға мамандық игеруге қатысты кеңесін айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан халқына Жолдауын жариялау барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.
None
None

Сөз арасында жұмысшы мамандығын игеру мәселелеріне қатысты баяндай келе, Елбасы жастар үшін жасқанбаудың маңызды екенін ескертті. Президенттің айтуынша, айналаның бәрінде де жұмысшының «алтын қолынан» шыққан дүниелер, мысалдар толып жатыр. Бұл ретте Н. Назарбаев еңбек адамы қашанда елеулі болуы тиістігін, сол үшін арнайы награда бекітілгенін айтты.

«Жұмысшы мамандықтарын игеру керек. Мектеп бітірген соң біреулері колледжге, университетке түседі, біреулері армия қатарына аттанады. Дегенмен, олардың отыз пайызы қалады. Олар мамандық алулары керек. Бұл жерде мен өзімнің де бір кездері жұмысшы киімін киіп, домна пештерінде еңбек еткенімді еске сала кеткен артық болмайды деп ойлаймын. Қолымда күрек, 40х40, күрекпен көп алып, алысқа лақтыру керек болатын. Сосын салмағы 15 келі тартатын сүймен де қолдан түспейтін еді. Осындай жұмысшы киімімен, анадай құрал-сайманмен мен 9 жыл жұмыс істедім. Менен үлгі алсаңдар жаман болмайсыңдар. Өйткені жылдар өте келе, сендер қандай тағдырға тап болсаңдар да, бұл өмірлік тәжірибе өз пайдасын тигізеді», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар