Мемлекет басшысы жер қойнауын пайдалану, газ мәселелері бойынша толықтырулар енгізілген Заңды бекітті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану, газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жер қойнауын пайдалану, газ мәселелері бойынша толықтырулар енгізілген Заңды бекітті

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.