Мемлекет басшысы жергілікті атқарушы органдардың интернет сайттарын сын тезіне алды

АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті атқарушы органдардың интернет сайттарын сын тезіне алды,

Мемлекет басшысы жергілікті атқарушы органдардың интернет сайттарын сын тезіне алды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Облыстарда интернет-сайттар пайда болды, алайда олар өте формальды, деректері ескірген. Бірқатары блогтар ашқан, алайда олардың тиімділігі жайлы сөз қозғаудың өзі артық. Сұрақтарға берілген жауаптар да сын көтермейді», деді Н. Назарбаев бүгін Ақордада Үкімет мүшелерінің және әкімдердің қатысуымен өткен кеңесте.

Осы орайда Президент әкімдерге өздерінің әріптестерінің сайттарын қарап шығуға кеңес берді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы әкімдерді бастамаларды көптеп көтеруге шақырды. «Жергілікті жерлерде бастаманы көптеп көтеріңіздер. Бағдарламалардың барлығын Президент ұсынып, Үкімет әзірлеуі тиіс пе? Сіздердің ұсыныстарыңыз қайда?», деді Президент әкімдерге қаратып айтқан сөзінде.