Мемлекет басшысы жиынға келген әкім-қараның ұсыныс айтпай үнсіз бас шұлғып кететінін сынға алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада өтіп жатқан ҚР Үкіметінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әкімдердің жиындарды ұсыныс айтпай үнсіз кететінін сынады.

Мемлекет басшысы жиынға келген әкім-қараның ұсыныс айтпай үнсіз бас шұлғып кететінін сынға алды

«Жиналысқа жер-жерден келгенде әрқайсыларың дайындалып келулерің керек. Тек қана мені тыңдап кете бермей, ойларыңыз болса айтыңыздар. Мемлекет басшыларының, Үкімет мүшелерінің, әкімдердің жергілікті мәселелерді айтқан сөзінен, ұсыныстарынан барып жалпы шешім шығады. Сондықтан үндемей отырғанды қойыңдар. Анау күні «Самұрық-Қазынаның» трансформациясына келген батыстың дөкей профессорлары: «Әр жерде келісіммен шешетін болсақ, мысалы зауыттың цехында, онда ары қарай дұрыс шешім шығатын болады» дейді. Онысы рас. Біз баяғыдай жинап аламыз да, сөйлеп, сөйлеп қоя береміз. Ешкім ешқандай ұсыныс жасамайды, олай болмауы керек. Бір-бірімізді тыңдауымыз керек. Ұнай ма, ұнамай ма, басқа мәселе. Соның барлығы елге қызмет істейтін болса тыңдау керек», - деді Елбасы.