Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мемлекет басшысы: Зорлық-зомбылық, лаңкестік, экстремизм идеяларын таратпауды бақылау бойынша заңдарымыз басқа мемлекеттерге қарағанда - жеңіл

АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанның зорлық-зомбылық, зұлымдық, лаңкестік, экстремизм идеяларын таратпауды бақылау бойынша заңы басқа мемлекеттердің заңдарына қарағанда жеңіл.

Мемлекет басшысы: Зорлық-зомбылық, лаңкестік, экстремизм идеяларын таратпауды бақылау бойынша заңдарымыз басқа мемлекеттерге қарағанда - жеңіл

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстандық жол: тұрақтылық, бірлік, жаңғыру» тақырыбымен өткен ХІХ сессиясында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Партиялық құрылым саласында да біз ешкімнен кейін қалып отырған жоқпыз. Дегенмен, өмір талап етеді, әрине біз алға жылжитын боламыз. Біз бұл проблемаларды ойластырып, жұмыс істейміз», - деді Елбасы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, шындығына келгенде Қазақстан партиялық құрылымдар мен бұқаралық ақпарат құрылдарының жұмысын қамтамасыз етуде еуропалық стандартарға барынша жақын.

«Бірқатар ұстанымдар бойынша, мәселен, зорлық-зомбылық, зұлымдық, лаңкестік, экстремизм идеяларын таратпауды бақылау бойынша біздің заңнамамыз елдің қауіпсіздігі туралы заңнамасы бойынша барынша қатаң шаралар қолданатын мемлекеттерге қарағанда - жеңіл. Дегенмен, бұл жақсы да емес шығар, біз бұл қауіптерден де қорғануымыз қажет», - деді Мемлекет басшысы.