Мемлекет басшысын сайлаудағы сенімді жеңісімен Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев құттықтады

АНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев құттықтады,

Мемлекет басшысын сайлаудағы сенімді жеңісімен Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев құттықтады

деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сіздің сайлаудағы жеңісіңіз Қазақстан халқының Сізге деген үлкен сенімінің, халықтың мемлекеттілік пен тәртіпті нығайтуға, қоғам өмірінің барлық салаларындағы түбегейлі қайта қалыптастыруды жүзеге асыруға бағытталған Сіздің бастамаларыңызға деген қолдауының дәлелі болды.

Әзірбайжан мен Қазақстанды көп ғасырдан бері жалғасып келе жатқан достық, тату көршілестік пен ынтымақтастық байланыстырады. Мен осы жақсы дәстүрлерге негізделген біздің мемлекетаралық қарым-қатынасымыз тату халқымыз мен елдеріміздің игілігі үшін болашақта да дамиды деп сенемін.

Әзірбайжан Президенті

Ильхам Әлиев

Баку, 2011 жылғы 4 сәуір.