Мемлекет басшысын сайлаудағы сенімді жеңісімен Словакия Республикасының Президенті құттықтады
АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Словакия Республикасының Президенті Иван Гашпарович құттықтады.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жеделхат мәтінінде былай делінген:
Жоғары Мәртебелі,
Сіздің Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне сайлануыңызға байланысты менің құттықтауымды қабыл алыңыз.
Осы мүмкіндікті пайдаланып, өткен жылы Астанадағы біздің келіссөздеріміз барысында жаңа жағымды серпін берілген словакиялық-қазақстандық сындарлы диалог пен өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға деген қызығушылығымды қуаттағым келеді.
Словакия Республикасының Президенті
Иван Гашпарович
Братислава, 2011 жылғы 5 сәуір