Мемлекет басшысын Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов құттықтады

АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы тамаша жеңісімен Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов құттықтады,

Мемлекет басшысын Түрікменстан Президенті  Гурбангулы Бердімұхамедов құттықтады

деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сіздің Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануыңызға орай шын жүректен жолдаған құттықтауымды қабыл алыңыз.

Елдеріміз бен халықтарымыз арасындағы дәстүрге айналған достық қарым-қатынас, сонымен қатар Түрікменстан мен Қазақтан Республикасы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық болашқта да ұдайы дамып және бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін нығая түседі деп сенемін.

Түрікменстан Президенті

Гурбангулы Бердімұхамедов

Ашгабад, 2011 жылдың 6 сәуірі.