Мемлекет басшысының елдің зияткерлік капиталын құрудағы стратегиялық бағытын қолдаймыз - Павлодар қаласындағы № 8 мектеп-лицейі
ПАВЛОДАР. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» тәжірибесін енгізудегі ілкі мектеп болып табылатын Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің оқушылары мен мұғалімдер ұжымы Мемлекет басшысының Назарбаев Университетінде «Қазақстан білім қоғамы жолында» дәрісін үлкен қызығушылықпен тыңдады,
деді ҚазАқпарат тілшісіне мектеп директоры Ирина Шепеленко.
«Өзінің дәрісінде Президент елдің зияткерлік капиталын қалыптастырудағы стратегиялық бағытын іске асыру үшін нақты шараларды белгілеп берді, біз оларды барлық жағынан қолдаймыз.
Біз Нұрсұлтан Назарбаевқа біздің қоғамымыздың зияткерлік дамытылуына үнемі назар аударатыны үшін, дарынды балаларды оқыту бағдарламасын енгізгені үшін үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Бұл бағдарламаның арқасында педагогтардың балалар қабілеттіліктерін дамытуға көмектесетін біздің оқу мекемеміз құрылды. Соның нәтижесінде халықаралық олимпиадаларға қатысатын біздің тәрбиеленушілеріміз тамаша жеңістерге қол жеткізуде», - деді Ирина Шепеленко.