Мемлекет басшысының Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларын сақтауға зор көңіл бөлетіні өнер адамдарын қуантады - А.Билык

АСТАНА. 14 сәуір. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаевты ҚР президентінің кезектен тыс сайлауындағы тамаша жеңісімен Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Сурет академиясының академигі, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Анатолий Билык құттықтады.

Мемлекет басшысының Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларын сақтауға зор көңіл бөлетіні өнер адамдарын қуантады - А.Билык

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сізді шын жүрегімнен президенттің кезектен тыс сайлауындағы тамаша жеңісіңізбен құттықтаймын!

Біз, қарағандылықтар, өз болашағымызды Сіздің есіміңізбен байланыстырамыз.

Сіз тәуелсіз Қазақстанның, жас елорда - Қазақстанның сәулет маржаны Астананың негізін қаладыңыз!

Сіздің еліміздің бай тарихи-мәдени мұраларын, ұлттық салт-дәстүрді сақтауға, қазіргі қазақ өнері мен мәдениетін дамытуға көп көңіл бөлетіндігіңіз өнер адамдарын қуанышқа бөлейді.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Шын жүрегімнен Сізге зор денсаулық, бақыт, ел игілігіне жұмсалатан жаңа жеңістер тілеймін!

Құрметпен, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Сурет академиясының академигі, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Анатолий Билык