Мемлекет басшысының Өкімдерімен бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет Басшысының Өкімдерімен бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасалды.
None
None

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Ардақ Әшімбекұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды;

Мұхтар Ақатұлы Аюбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды;

Қанат Орынтайұлы Оразқұлов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды;

Ермек Елеуханұлы Үкібаев Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы қолбасшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды;

Айдарбек Мұстажапұлы Абдулов Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы қолбасшысының орынбасары қызметінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум