Мемлекет басшысының Өкімдерімен бірқатар лауазымды тұлғалар қызметтерінен босатылды
АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты:
Асқар Асанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі өкілдігінің жетекшісі қызметінен;
Сергей Николаевич Громов Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен;
Дулат Рашитұлы Қосдәулетов Қазақстан Республикасы әділет вице-министрі қызметінен босатылды.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.