Мемлекет басшысының өкімдерімен Қ.Көшербаев пен М.Оразаев қызметтерінен босатылды
АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты:
Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен;
Марат Әбілахатұлы Оразаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды.