Мемлекет басшысының Өкімдерімен Н.Жолманов пен Б.Сембинов ҚР Қорғаныс министрінің орынбасарлары қызметінен босатылды
АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты:
Нұрлан Айтманұлы Жоламанов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен;
Болат Қаскенұлы Сембинов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.