Мемлекет басшысының Өкімімен Г.Ким ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Георгий Владимирович Ким басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.