Мемлекет басшысының Өкімімен К. Жигалов ҚР СІМ орынбасары, Еуропа Одағымен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші қызметіне тағайындалды

АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Константин Васильевич Жигалов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, Еуропа Одағымен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші қызметіне тағайындалды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мемлекет басшысының Жарлығымен Константин Васильевич Жигалов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды.
Соңғы жаңалықтар