Мемлекет басшысының Оңтүстік Африка Республикасына сапары басқа күнге ауыстырылды

АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Оңтүстік Африка Республикасына жоспарланған мемлекеттік сапары басқа күнге ауыстырылды. Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибулаев мәлім етті.

Мемлекет басшысының Оңтүстік Африка Республикасына сапары басқа күнге ауыстырылды

«3-4 желтоқсанда Мемлекет басшысының Оңтүстік Африка Республикасына мемлекеттік сапары жоспарланған болатын. Атап айтқанда, ҚР Президентінің жұмыс кестесіндегі өзгерістерге байланысты сапар мерзімі басқа датаға ауыстырылды», - деді ресми өкіл.