Мемлекет басшысының перспективалық ұлттық кластерлерді қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын орындау міндеттері мен мерзімдері белгіленді

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Мемлекет Басшысының 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңесте берген тапсырмаларын орындау бойынша мемлекеттік органдар басшыларының баяндамаларын тыңдады.

Мемлекет басшысының перспективалық ұлттық кластерлерді қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын орындау міндеттері мен мерзімдері белгіленді

Атап айтқанда, Президенттің перспективалық ұлттық кластерлерді қалыптастыру, Ұлттық даму агенттігін құру, дағдарысқа қарсы іс-әрекет, банк және қаржы жүйесін дамыту, энергетика, табиғатты пайдалану, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік бойынша берген тапсырмаларын орындаудың міндеттері мен мерзімдері анықталды, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Үкімет басшысы мемлекеттік органдар басшыларының алдына бірқатар нақты міндеттер қойды.