Мемлекет басшысының референдумнан бас тартып, мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы шешім қабылдауы саяси ерлік - Ә.Тарази

АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Мемлекет басшысының референдумнан бас тартып, мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы шешім қабылдауы саяси ерлік. Бұл пікірді бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Үндеу арнағаннан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген жазушы Әкім Тарази білдірді.

Мемлекет басшысының референдумнан бас тартып, мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы шешім қабылдауы саяси ерлік - Ә.Тарази

«Президентіміздің бұл шешімі алыстан ойлай білетін, тереңнен толғай білетін, болашақ ұрпақтардың да қалай ел басқаруы керек екенін ойлаған бір саяси ерлігі деп санаймын. Әрине, 5 миллионнан астам адам қолдаған кезде көне салуға болатын еді. Бірақ соған қарамастан болашақтағы сайлаушыларға, саясаткерлерге көрсетіп отырған үлкен үлгісі ғой деп білемін. Сондықтан өзім қуанып қарсы алдым», - деді қаламгер.