Мемлекет басшысының ұсынысы Үкіметтің тиімділігін арттырады - саясаттанушы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Саясаттанушы Берік Әбдіғали Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 25 қаңтардағы арнайы үндеуіне қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысының ұсынысы Үкіметтің тиімділігін арттырады - саясаттанушы

«Біріншіден, енді үкімет елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына жауапты болады. Үкіметті Парламент құрып, министрлерді ауыстыра алады. Парламентте белсенді депутаттар отырады. Осылайша, Үкімет жұмысының тиімділігі артады», - дейді саясаттанушы.

Б.Әбдіғалидің айтуынша, енді Президент сыртқы саясат, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне көп назар бөлсе, өзге салалар Үкіметтің назарына ауысады.

Айта кетейік, кеше ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық телеарналар арқылы билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу мәселелері жөніндегі үндеуін жария етті. Онда Президенттің  әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға беру, Үкіметті жасақтауда Парламенттің рөлін күшейту қарастырылған.