Мемлекет басшысының Жарлығымен Б.Камалиев ҚР Көлік және коммуникация министрі болып тағайындалды
АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Б.С.Камалиевті Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды,
деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Берік Сайлауұлы Камалиев Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі болып сайлансын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2011 жылғы 12 сәуір
№14