Мемлекет басшысының Жарлығымен Б.Сұлтанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты экономика және бюджеттік жоспарлау министрі қызметінен босатылды
АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпрат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі қызметінен босатылды.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.