19:43, 03 Наурыз 2009 | GMT +5
Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары тағайындалды
АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Серік Нығметұлы Ахметов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сонымен қатар С.Ахметов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Көлік және коммуникация министрі қызметінен босатылды.