Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Жоғарғы сотының алқа төрағалары тағайындалды

АСТАНА. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат - Кеше ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков арнайы жиын өткізіп, Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған Жоғарғы Соттың алқа төрағаларын судьялар қауымына таныстырды. Бұл ақпаратты аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратып отыр.
None
None

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрайымы болып Алмаз Дулатқызы Тәшенова, ал Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып Ақылтай Ахмеджанұлы Қасымов тағайындалды», делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар