Мемлекет басшысының Жарлықтарымен ҚР-ның ҚХР мен Мароккодағы елшілері тағайындалды
АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Н.Ермекбаев ҚР Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды.
Президенттің тиісті Жарлығымен сондай-ақ Қазақстан Республикасының Египет Араб РеспубликасындағыТөтенше және Өкілетті Елшісі Берік Арын Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушыболып тағайындалды.