Мемлекет басшысының Жарлықтарымен О.Өксікбаев Есеп комитетінің төрағасы және С.Үмбетов - ҚР Президентінің Іс басқарушысы қызметтерінен босатылды
АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлықтарымен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты:
Омархан Нұртайұлы Өксікбаев Республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы қызметінен;
Серік Әбікенұлы Үмбетов Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.