Мемлекет басшысының Жолдауы бірқатар мерзімі жеткен мәселелерді шешуге мүмкіндік береді - Ә.Исекешев
ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев осындай пікір білдірді.
«Жолдауда бірқатар экономикадағы мерзімі жеткен мәселелерді шешу туралы тапсырмалар берілді. Олардың ішінде мемлекеттік сектор, бәсекелестіктің кенже дамуы, банкроттықтың қиын үдерістері, банктердегі мәселелі активтер және тағы басқалары бар. Қосымша амалдар Елбасы "100 қадам" Ұлт жоспарында белгілеп берген институционалдық және жүйелі реформалармен бірге қысқа мерзімде жаңа модельге көшуге мүмкіндік береді», - деп түсіндірді министр.
Әсет Исекешев, сондай-ақ, Елбасы Жолдауында адами капиталға аса мән берілгенін атап өтті: «Қазақстан осы өңірде жұмыс күші ресурсы, соның ішінде техникалық мамандар, жұмысшылар мен инженерлер сапасы бойынша үздік болуы тиіс. Сондықтан қазір осы мәселеге баса назар аударатын боламыз», - деді ол.