Мемлекет басшысының Жолдауы Семейде дөңгелек үстел басында талқыланды
СЕМЕЙ. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат – «Семей» баспасөз клубында дөңгелек үстел кездесуі өтіп, онда ҚР Президентінің Жолдауына сәйкес «Жаңару мен дамудың қазақстандық жолы» тақырыбы талқыланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мемлекет басшысының халыққа жыл сайынғы Жолдауындағы еліміздің саяси және тарихи бағыттары, жаһандық дағдарыс жағдайындағы республиканың экономикалық дамуы, әлеуметтік саланы дамыту мен ауыл шаруашылығын одан әрі жандандыру тақырыбы ? бүгінгі талқылаудың негізгі мәселесіне айналды.
Қаладағы жоғары оқу орындарының ғалымдары дөңгелек үстел басындағы әңгімеге шақырылған әкімдік бөлімдерінің мамандары, қалалық банктер, «Нұр Отан» ХДП, білім беру мекемелерінің өкілдері үшін Елбасының «Дағдарыстан - дамуға» Жолдауындағы стратегиялық бағыттар жөнінде ғылыми негізделген баяндамалар дайындады.