Мемлекет бюджетіне 7,4 млрд теңге өндірілді - прокуратура
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік прокуратурасы органдары Мемлекеттік кіріс комитетімен бірлесе отырып, квазимемлекеттік сектор мен оның контрагенттерінің салық заңнамасын орындауына талдау жасады, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
«Көлік саласындағы кәсіпорындардың мәлімдеген айналымдарын зерделеу нәтижесімен жеткізушілердің іс жүзінде сатқан тауарлары (жұмыстар, қызметтер) бойынша ауытқулар анықталды.
Бас көлік прокуратурасының ұсынысы негізінде мемлекеттік бюджетке 7,4 млрд. теңге өндірілді. Өндірілген сома толық көлемде мемлекет бюджетіне түсті», делінген хабарламада.