Мемлекет дағдарыс кезінде БАҚ-тарға жақсы қолдау білдіріп отыр - С.Матаев
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, Қазақстандағы БАҚ-тардың жағдайы Орталық Азия елдерімен салыстырғанда айтарлықтай жақсы. Елдегі БАҚ-тардың 90 пайызы жекеменшік және бәсекеге қабілетті нарықта өмір сүреді. «Бұл өте жақсы көрсеткіш. Алайда, журналистер құқығының бұзылуы жиі кездеседі. Бұл бағытта БАҚ туралы заңдылықтарды жетілдіре түсу қажет», деп атап өтті С.Матаев.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары Лариса Броватаяның айтуынша, мемлекет тарапынан көбінесе БАҚ-тардағы әлеуметтік маңызды тақырыптар қаржыландырылады. «Жалпы мемлекеттік тапсырыс бойынша қаржыландыру БАҚ-тарға дағдарыс уақытында үлкен көмек болып отырғаны даусыз. Бұл бағытта мемлекеттік қаржыландыру ұлғайып келеді. Мысалы, 2007 жылы 48 БАҚ мемлекеттік тапсырыс арқылы қаржыландырылса, қазіргі кезде олардың саны 128-ге жетті», дейді Л. Броватая.