Мемлекет ірі қара және уақ малдардан бруцеллезды анықтауға үлкен көңіл бөлуі керек - академик Николай Иванов

АЛМАТЫ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан /- Мемлекет ірі қара және уақ малдардағы бруцеллезды анықтауға үлкен көңіл бөлуі керек.

Мемлекет ірі қара және  уақ малдардан   бруцеллезды анықтауға үлкен көңіл бөлуі керек - академик Николай Иванов

Еліміздегі бар шаруашылықтың 20 пайызы ауруларға жұқпалылығы жағынан нашар халде. Бұл туралы бүгін ҚР ҰҒА академигі, «Бицентр» ЖШС-нің ғылым бойынша директорының орынбасары Николай Иванов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бруцеллез адамға өте қауіпті инфекция. «Бұл аурумен елімізде баяғыдан күрес жүргізіліп келеді және қазір бүгінгі заманға сай анықтауға арналған диагностикалық құралдардың рөлі өсті. Бұрындары етек алған кезінде анықтасақ, қазір бірінші сатысында анықтап, қауіп-қатердің алдын аламыз», деді академик.

«Бицентр» компаниясы диогностикалы ветеринарлық тест-жүйесін шығарумен айналысады. Олар иммуноферментті анализ әдісі бойынша, 2009 жылы 7 миллион мөлшерде бруцеллезді анықтауға арналған доза шығарған.

«Бұл әдіс бруцеллезді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл тест-жүйенің маңызы өте зор. Біз қазір бұл аурудың алдын алуға көшудеміз», деді Жетісу ауданы бойынша ветеринар инспекторы Дурия Есбаева.

Мамандардың айтуынша, шикі еттен бруцеллезді анықтау мүмкін емес. Сондықтан, етті тек тексеруден өткен дүкендер мен базарлардан алу керек, дейді олар.

«Бицентр» кәсіпорнында 20-дан аса қызметкер жұмыс жасайды. Мұнда қазір заманауи биотехнологиялардың негізі бойынша жаңа препараттарды ойлап табу бойынша үлкен зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Компания өндірісі жоғары технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған.