Мемлекет қаржыландыратын басым спорт түрлері 100-ге дейін қысқартылады – заң жобасы

спорт
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын 180 басым спорт түрі бар. Алдағы уақытта олардың саны 100-ге қысқартылмақ.

Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ нормаларды шектен тыс (шектен тыс) заңнамалық реттеуді алып тастау туралы» заң жобасы талқыланып жатыр.

«Басым спорт түрлері – өте күрделі мәселе. Сондықтан қазіргі уақытта олардың саны – 180. Оның ішінде олимпиадалық, паралимпиадалық бағдарламаларға кіретін түрлері қалады. Жазғы олимпиадалық спорт түрлері – 46, қысқы спорт түрлері – 15. Сонымен қатар ұлттық спорт міндетті түрде басым спорт түрлеріне кіреді. Мұнан бөлек олимпиадалық емес, мәселен, 4 жылда бір рет өтетін Азиада ойындарына кіретін де спорт түрлері бар. Солардың бәрін қосқанда 100 спорт түрі қалады», - деді заң жобасын таныстырған Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.

Оның атап өтуінше, жергілікті атқарушы органдар үшін спорттың басым түрлері тізбесін айқындау құзыреті беріледі. Себебі қазіргі таңда жергілікті олимпиадалық емес спорт түрлеріне 53-тен 110-ға дейін спорт түрі дамып келеді.

Соңғы жаңалықтар