Мемлекет қаржысы діттеген жерге жетпесе, ауылда адам қалмайды – Алмасбек Садырбай

Мемлекет қаржысы діттеген жерге жетпесе, ауылда адам қалмайды – Алмасбек Садырбаев
Фото: Almasbek.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақ шаруаларының құрылтайында ауылдағы ахуал жайлы айтылды.

«Шаңырақ» ұлттық агро-қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алмасбек Садырбайдың айтуынша, ауыл тұрғындарының саны бұрынғыдай елдің 44 пайызына жетпейді. Көрсеткіш шамамен 36-37 пайызға төмендеген.

«Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласына бұрын бөлініп көрмеген қомақты қаражатты бөліп жатыр. Қаржы әдеттегідей олигополиялық топтардың қалтасына түспеуі керек. Мақсатты жұмсалып, ауылдағы шаруалар игілігін көруі тиіс. Шаруа деген 40-50 олигарх емес. Елімізде 300 мың шаруа бар. Соның 20 мыңы ғана бағдарламалардың қызығын көріп жатыр. Қалғанын олигархтар жұтып жатыр. Осы уақытқа дейін бейтараптық танытып келдік. Ендігі жерде шаруалар бірігіп, әрекет етуі керек. Шаруалар реттемесе, ауылда адам қалмайды. Жер бос қалады. Ал бос жер жау шақырады», - деді А. Садырбай.

Соңғы жаңалықтар