Мемлекет қаржысын тиімді жұмсау үшін тиісті заңға өзгерістер енгізіп, субсидиялаудың жаңа тетіктерін қарастыру керек - Бас прокуратура
АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Прокуратура қызметкерлері өткен жылғы көктемгі егіс пен жиын-терінге бағытталған мемлекеттік субсидияларды бөліп беру және игеру жұмыстарының заңдылығын тексеру кезінде 2 мыңнан астам заң бұзушлықты анықтады.
Бұл туралы бүгін Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков апталық брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, тексерулер барысында жарты миллиардқа жуық теңгенің заңсыз төленгендігі анықталған. Осыған байланысты қазір Бас прокуратураның ұсынысының қорытындысы бойынша, мемлекет қаржысын тиімді жұмсауды жолға қою мақсатында тиісті заңнамаға өзгерістер енгізіп, субсидиялау шарасының жаңа тетіктерін енгізу мәселесі қаралуда.