Мемлекет кепілдік берген тегін заңгер көмегін қалай алуға болады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қалалық Әділет департаменті басшысының орынбасары Берікбол Сәменов адвокаттардың көмегіне кімдердің құқығы бар екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Спикердің сөзінше, 2022 жылы Алматы қалалық адвокаттар алқасының қорғаушылары мемлекет кепілдік берген 14 589 азаматқа құқықтық көмек көрсеткен.
«Құқықтық кеңес алу үшін қала тұрғындарына Алматы қалалық адвокаттар алқасына келуі керек. Қазіргі уақытта Алматы қаласында 15 осындай кеңес жұмыс істейді, оларға мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар адамдар жүгіне алады. Заң консультацияларының мекенжайларымен Алматы қаласы Әділет департаментінің ресми сайты арқылы немесе 119 және 1414(Құқықтық ақпараттық қызмет) нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында телефон кеңес алуға болады», - деді Берікбол Сәменов.
Сондай-ақ ол азаматтарға кепілдендірілген мемлекеттік көмек пен заңгерлік көмек әділет органдарының маңызды бағыттарының бірі екенін түсіндірді.
«Әркімнің қорғануға құқығы бар екенін бәрі біледі. Бірақ егер адамның адвокат жалдауға мүмкіндігі болмаса, онда оған бюджет есебінен мемлекет кепілдік берген заң көмегі көрсетілетінін бәрі біле бермейді. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес әркiмнiң азаматтық, әкiмшiлiк және қылмыстық сот iсiн жүргiзу кезiнде бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар», - ол.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегі мынадай нысанда көрсетіледі: құқықтық кеңес беру, соттарда, қылмыстық қудалау органдарында жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру және т.б.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушылары алимент, зейнетақы мен жәрдемақы өндіріп алу, оңалту, босқын немесе кандас мәртебесін алу, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға, жыныстық зорлық-зомбылық құрбандарына, адам саудасына, еңбекпен байланысты денсаулығына келтірілген зиянның немесе қылмыстық құқық бұзушылықтың салдарынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша тегін көрсетеді.
«Екінші дүниежүзілік соғысына қатысушыларға, сондай-ақ соған қатысушыларға жеңілдіктерге теңестірілген адамдарға, басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарына қатысушыларға, әскери қызметшілерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, жасы бойынша зейнеткерлер, кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша, кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көп балалы отбасылар, аз қамтылған тұлғаларға да көрсетіледі»,- Алматы қалалық Әділет департаментінің өкілі.
Айтуынша, жоғарыда аталған адамдардың барлығы тұрғылықты жері мен орналасқан жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқылы.