Мемлекет креативті жобаларға қандай қолдау көрсетеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда креативті индустрияны қолдау корпоративтік қоры құрылады, оның көмегімен жас таланттар қолдау тауып, шығармашылықты дамытады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Алматыда өткен креативті қоғаммен кездесу барысында айтты, онда тың идеялар мен мүмкіндіктер талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Қор қысқа мерзімді білім беру алаңдарын барынша қолдайды, креативті продюсерлер мен арт-менеджерлер таланттарды тәрбиелей алатындай үй-жай мен жабдықтарға қолдау көрсетеді.

«Осы жылы күзде креативті индустриялар бойынша құзырет біздің министрлікке бекітіледі. Сондықтан сіздердің идеяларыңызды тыңдау, жобалармен танысу және сіздермен бірге саланы дамытуға күш салу біз үшін маңызды. Біз қазіргі кезде таланттар мен креативті ұжымдарды қолдау саясатын пысықтап жатырмыз», - деп атап өтті министр Дәурен Абаев.

Кездесуде қазақ тіліндегі контентті, фильм-индустрияны дамыту, кескіндеме, креативті хабтар негізінде шығармашылық ұжымдардың коллаборациясы арқылы еліміздің имиджін ілгерілету мәселелері талқыланды.

Кездесуге қатысушылар өнер саласының түрлі бағыттарының өкілдері күш біріктіруі қажет деп сендірді.

Айта кетейік, кездесуден соң министр «Медеу» креативті хабының құрылысына барды.

Бұл хаб қалалық креативті орта мен жастардың спорттық-туристік қоғамдастығы арасындағы байланыстырушы буынға айналады.

«Медеу» хабы креативті ұжымдарға тиімді шарттармен резиденттік алуға және серпінді идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар