Мемлекет меншігіндегі 33 нысан сатуға шығарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қаңтар-маусым айларында мемлекет меншігіндегі 369 нысан 306 млрд теңгеге сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкіметтің бүгінгі отырысында айтты.
«Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 658 объектіні сату көзделген. Жыл басынан бері 6 айда 306 млрд теңге сомасына 369 объект сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді. Тағы 33 объекті сатуға қойылды», - деді Қаржы министрі.
Е. Жамаубаевтың айтуынша, 64 объекті қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді.
Тағы 192 объекті сату алдындағы дайындықта тұр.