Мемлекет меншігіне 946 мың гектар жер қайтарылды - Бас прокуратура
ТАНА. 21 шілде. ҚазАқпарат - Ағымдағы жарты жылдың ішінде Қостанай облысы прокурорларымен мемлекет меншігіне 946 мың гектар жер қайтарылды.
Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарланды.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бюджет қаржысын мақсатты пайдалану заңдылығына тексеру жүргізу барысында прокуратура органдары 29 мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінің күшін жойған. Сөйтіп 3 млрд. теңгені заңсыз жұмсаудың жолы кесілді. Мысалы, мемлекет меншігіне құны 15-есе төмендетіліп «ВАН» ЖШС-на сатылған, жалпы сомасы 15-млн.теңге тұратын теміржол тарауы қайтарылды.
«Жер заңдылығының сақталуы мәселелері бойынша прокурорлармен 224 заң бұзушылық анықталып, 39 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, мемлекет меншігіне 946 мың гектар жер қайтарылды. Оның ішінде Қостанай қаласында 121 гектар жер бойынша мемлекет пайдасына оның сатылу бағасы ретінде 17,2 млн. теңге құрайтын құны өндірілді», - делінген баспасөз айғағында.