Мемлекет мешіт салу үшін өткізілетін қайырымдылық іс-шараларды қадағалай ма

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мешіт салу үшін өткізілетін қайырымдылық іс-шараларын бақылау Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің құзіретіне кірмейді. Бұл туралы аталған ведомстводан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет мешіт салу үшін өткізілетін қайырымдылық іс-шараларды қадағалай ма
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңға және «Қайырымдылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, қайырымдылықпен айналысатын қайырымдылық субъектілері ісіне мемлекеттің, ал мемлекет ісіне қайырымдылық субъектілерінің заңсыз араласуына, оларға мемлекеттік органдардың функцияларын жүктеуге жол берілмейтіндігі көрсетілген. Осыған орай, мешіттер салу бойынша қайырымдылық іс-шараларын бақылау министрліктің құзыретіне кірмейді. Сонымен қатар, Заңның 10-бабына сәйкес, діни бірлестіктер қайырымдылықты жүзеге асыруға және қайырымдылық ұйымдарын ашуға құқылы», - деп атап өтеді министрліктен агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Сонымен қатар ведомство ел аумағындағы барлық мешіт Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы – Республикалық ислами діни бірлестігінің меншігінде екендігін және оның филиалы ретінде әділет органдарында тіркелгенін атап өтеді.