Мемлекет тарапынан жыл сайын ең төменгі бағамен астық сатып алу мөлшері кепілдендіріліп отыруы шарт - депутат Р. Мадинов

ТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Мемлекет тарапынан жыл сайын ең төменгі бағамен астық сатып алу мөлшері кепілдендіріліп отыруы шарт.

Мемлекет тарапынан жыл сайын ең төменгі бағамен астық сатып алу мөлшері кепілдендіріліп отыруы шарт - депутат Р. Мадинов

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Астық саласы: жағдайы мен перспективалары» атты тақырыпта өткен Үкімет сағатында қосымша баяндама жасаған Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы, депутат Ромин Мәдинов осылай мәлім етті.

Депутаттың пайымынша, астық өнімділігіне қарай мемлекет тарапынан жыл сайын ең төменгі бағамен сатып алу мөлшері кепілдендіріліп отыруы шарт. «Астық мәселесі туындаған соңғы 2-3 жылда осылай болып та жатыр. Дегенмен, біз бұндай тәжірибені әрбір жылға байланысты қарамастан-ақ, нақты бекітуге тиіспіз. Шаруалар тым болмаған жағдайда ең төменгі бағамен мемлекет өзінің астығын сатып алатынын білулері керек», - деді Р. Мәдинов.

Бұл ретте депутат белгіленген ең төменгі баға астық егісіне қатысты барлық шығындарды өтеуі тиістігін да алға тартты.