Мемлекет жаңа медиа өкілдерімен ынтымақтастыққа мүдделі - мәдениет және ақпарат вице-министрі А.Қырықбаев
АЛМАТЫ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан Қазақстан медиаконгресіне қатысушылар Интернет шапшаң қарқынмен дамуда және соған сәйкес нарықта жаңа медиа пайда болуда, деп атап өтті.
Атап айтқанда, ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев Интернет қазірдің өзінде мемлекет пен қоғам өмрінде зор рөл атқарып келе жатқанын атап көрсетті. «Ақпараттың орасан зор тасқыны өтуде және олар әртарапты, әртүрлі бағытта, бұл жағдайда мемлекет жаңа медиа өкілдерімен ынтымақтастыққа мүдделі», - деді ол.
А.Қырықбаевтың айтуынша, мемлекет бұл бағытты қолдайтын болады. «Біз өз нарығымыз болуы және өзіміздің дүниелерімізді өндіре алатын және көршілеріміздің нарығымен бәсекеге түсумен қатар, олармен ынтымақтаса алатын Қазнетті дамытуға өте-мөте мүдделіміз», - деп атап көрсетті вице-министр.
Ол аудиторияның назарын белгілі бір ойын ережелеріне аударды. «Бұл енді қоғам өмірінің үлкен учаскесі болғандықтан, оның белгілі бір ережелері болуы тиіс. Бұл ережелерді барлығына түсінікті болуы үшін медианарық қатысушылары бірлесе түзуі қажет. Ойын ережесін сақтау дегеніміз, яғни, заң аясында әрекет ету деген сөз», - деп түйіндеді Арман Қырықбаев.