Мемлекет және қоғам қайраткері Д. Қонаевтың 97 жылдығына арналған шара өтті

АЛМАТЫ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ - Бүгін Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 97 жылдығына орай салтанатты шара өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Д. Қонаев мұражайының ұйымдастыруымен болған жиынға тарихи тұлғаның туыстары мен әріптестері, Алматы қаласындағы зиялы қауым өкілдері, Медеу ауданы ардагерлері кеңесінің мүшелері қатысты. Салтанатты шара Д. Қонаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Жиын аясында «Д.А. Қонаевтың белгісіз фото суреттері» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде қайраткердің кездесулерінен, шетелдердегі сапарларынан бұған дейін белгісіз болып келген суреттері қойылған. Мұражай директоры Болысбек Батталхановтың айтуынша, биылғы жыл Д. Қонаевтың мұғалімдері мен ұстаздары туралы зерттеу жұмыстарына арналады. «Д.А. Қонаевтың саяси тұлға ретінде қалыптасуына зор еңбек сіңірген жандардың бірі - Юнус Рахметұлы Раджибаев. Оған биыл 100 жыл толып отыр. Өкінішке қарай, бұл қайраткер жайында деректер өте аз. Сондықтан биылғы жылды Д. Қонаевтың мұғалімдері мен ұстаздары туралы мағлұматтар жинап, зерттеу жұмыстарын жүргізуге арнауды жөн көріп отырмыз. Оларды халыққа таныту мақсатында еліміз бойынша жылжымалы көрме ұйымдастыру да ойымызды бар», дейді Б. Батталханов.
Соңғы жаңалықтар